үй Әлем жаңалықтары Кишиневте Қазақстан мен Молдова арасындағы парламентаралық ынтымақтастық талқыланды

Кишиневте Қазақстан мен Молдова арасындағы парламентаралық ынтымақтастық талқыланды

17
0

591 Awrora

Кишиневте Қазақстан мен Молдова арасындағы парламентаралық ынтымақтастық талқыланды

Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Республикасы Парламентінің депутаты Богдан Цырдя бастаған Достық тобының мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Дәстүрлі түрде сәлемдесуден кейін қазақстандық дипломат 2023 жылғы 19 наурызда өтуі белгіленген Қазақстандағы парламенттік сайлау, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жүргізіп отырған саяси және экономикалық реформалар туралы Молдованың депутаттық корпусын хабардар ету кездесудің мақсаты болып табылатынын атап өтті.

А. Айдарбеков өз сөзінде Мәжіліс пен мәслихаттарға кезектен тыс сайлауды өткізу жалпыұлттық референдумда азаматтар қолдаған конституциялық реформаның қисынынан туындағанын хабарлады. Оның қорытындысы бойынша еліміз биліктің өкілді тармағын қалыптастырудың жаңа, неғұрлым әділ және бәсекеге қабілетті ережелерге көшті.

Өз кезегінде Молдованың халық қалаулылары парламентаралық ынтымақтастық тұрғысынан Қазақстанмен өзара іс-қимыл мәселелеріне қызығушылық білдірді. Сондай-ақ топ өкілдері өңіраралық ынтымақтастықты дамыту жоспарына мүдделі екенін жеткізді.

Кездесу соңында тараптар диалогты барлық форматта жалғастыруға келісті.

Источник: dknews.kz