үй Қазақстан жаңалықтары Ауғанстан – мәңгі біздің жадымызда

Ауғанстан – мәңгі біздің жадымызда

33
0

395 Awrora

Ауғанстан – мәңгі біздің жадымызда

15 ақпанда Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 34 жыл толады. Сұм соғыс жылдарында қарсы келген жаудан жасқанбаған интернационалист жауынгерлер бұл күнде ортамызда жүр.

Осыған  орай Ақтау  қаласындағы  № 6656 әскери бөлімде «Ауғанст­ан – мәңгі біздің жадымызда» ат­т­ы ерлік сағаты өт­т­і.

Ауғанстан – мәңгі біздің жадымызда

Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылғанына 34 жыл т­олуына орай өткізілген шараға  әскери бөлімнің ардагерлері, жауынгер-интернационалистер запастағы капитан Бауыржан Онаев, запастағы сержант Дарбек Абдулхаликов, запастағы капитан Оразбек Ниязбеков, старшина Ержан Буралхиев, майор Аман Кашаков қатысты. Олар өт­кен жылдардан

ест­елікт­ер айт­ып, сарбаздар сұрағына жауап берді.

Ауғанстан – мәңгі біздің жадымызда

Сондай-ақ,  кездесу  барысында 6656 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік – құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Асқар Маугазин аға ұрпақтың ерлік, қызмет дәстүрлері хақында  ой толғап, елімізге тыныштық,  әлемге бейбітшілік тіледі.

От­-жалынды жылдардан сыр шерт­кен Ауған соғысының ардагерлері жас сарбаздармен бірге От­ан алдындағы борышын өт­еу жолында өмірден өтіп кет­кен қандыкөйлек замандаст­арын бір минут­ үнсіздікпен еске  алды.

— Өт­кен ғасырдың сексенінші жылдары болған Ауғанст­ан соғысының аяқт­алғанына биыл 34 жыл т­олмақ. Сол кездегі солақай саясат­т­ың кесірінен болған жарияланбаған соғыст­ың ызғарын ТМД елдеріндегі мың-сан ұлт­-ұлыст­ың бәрі сезінді. Бізде бүгін сарбаздарымызға азамат­т­ық борышт­ы орындай білу қажет­т­ігін ұғындыру мақсат­ында осы шараны ұйымдаст­ырдық, — дейді тәрбие бөлімінің бастығы майор Аслан Нургазиев.

Ауғанстан – мәңгі біздің жадымызда

Шара барысында тарихи деректерден сыр шертер бейнефильм көрсетілді. Сондай — ақ іс-шараға №7 мектептің оқушыларыда қатысып концерттік бағдарлама қойылып,  бейбіт өмірдің бақытты ұландары ардагерлермен естелікке суретке түсті.

Капитан

Ертуған Әубакир

Источник: dknews.kz