үй Қазақстан жаңалықтары Қазақстанның басым бөлігінде екпіні күшті жел соғып, тұман түседі ...

Қазақстанның басым бөлігінде екпіні күшті жел соғып, тұман түседі Кеше, 09:06

6
0

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 21 қарашада елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz

  • АВТОР
  • Дина Шарипханова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Қазақстанның басым бөлігінде екпіні күшті жел соғып, тұман түседі
                Кеше, 09:06

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

«Қазгидромет» РМК синоптиктері ертең, 21 қарашада елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде екпіні 18-23, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігнде күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

Қызылорда облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында, батысында күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың орталығында 23 м/с сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстік-батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде 15-20, Мұғалжар ауданында екпіні 23-28 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батыс жартысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Алматыда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с. күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20, екпіні 23 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz