үй Қазақстан жаңалықтары ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті

ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті

24
0

318 Awrora

ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті

Астанада ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – ҚР Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыхан және ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың тең төрағалығымен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) өзара іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жиынға бірқатар министрліктер мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының өкілдері қатысты.

ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті

Ведомствоаралық жұмыс тобы ЭЫДҰ-мен ынтымақтастық шеңберіндегі өзекті мәселелерді, оның ішінде гендерлік саясат мәселелері бойынша үйлестірушіні айқындау, салық мақсаттары үшін ашықтық және ақпарат алмасу жөніндегі Жаһандық форумда Қазақстанды бағалау, сондай-ақ ЭЫДҰ-мен білім және ғылым салаласындағы ынтымақтастықтың күн тәртібін қарастырды.

ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті

Кездесу барысында қатысушылар ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимылдың сапасын арттыру қажеттігін атап өтті. Ұлттық экономика министрі Ә.Қуантыровтың сөзінше, мақсат тек Ұйымға кіру емес, ең бастысы — ұлттық заңнаманы ЭЫДҰ стандарттарына сәйкестендіріп, ел экономикасын тұрақты дамыту.

ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті

Кездесу қорытындысы бойынша ЭЫДҰ-мен ынтымақтастық туралы бірқатар хаттамалық шешімдер әзірленді.

ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті

Источник: dknews.kz