үй Қазақстан жаңалықтары Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек: Теміртауда дағдарыс орталығы ашылды

Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек: Теміртауда дағдарыс орталығы ашылды

107
0

334 rob

Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек: Теміртауда дағдарыс орталығы ашылды

Фотосурет: Қарағанды облысының әкімдігі

Теміртауда өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар үшін алғашқы мемлекеттік дағдарыс орталығы ашылды, деп хабарлайды DKNews.kz. 

Ол бір уақытта 50 отбасына дейін тұруға арналған.

Орталықта тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары да барлық қажетті көмекті ала алады.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек: Теміртауда дағдарыс орталығы ашылды

Дағдарыс орталығы Ескі Теміртау аумағында орналасқан. Кеңес уақытында салынған екі қабатты ғимарат күрделі жөндеуден өтті. Жиһаз, кеңсе жабдықтары мен басқа керек-жарағын сатып алуға қаражат бюджеттен бөлінді. Көмек алушылар үшін жатын бөлмелері, демалыс бөлмелері, ойын бөлмесі, ас үй және кір жуатын орын бар. Бірінші қабатта қызметкерлер бөлмесі орналасқан. Орталық аумағында балалар ойын және спорт алаңдары жабдықталған.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек: Теміртауда дағдарыс орталығы ашылды

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтарға жауапкершілікті қатаңдатуды және жәбірленушілерге қажет көмек көрсетуді тапсырған болатын. Біз осы басымдықтарды негізге ала отырып, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына тиісті деңгейде көмек көрсету мақсатында осы орталықты аштық. Бұл біздің қаламыз үшін өте маңызды оқиға деп есептеймін, — деді ашылу салтанатында қала әкімі Ораз Тәуірбеков.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек: Теміртауда дағдарыс орталығы ашылды

Қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдар орталықта бір жылға дейін өмір сүре алады. 

Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек: Теміртауда дағдарыс орталығы ашылды

Асханада күніне төрт рет тамақтану қарастырылған.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек: Теміртауда дағдарыс орталығы ашылды

Әртүрлі әлеуметтік қызметтерді, сондай-ақ медициналық, психологиялық және заңгерлік көмек ала алады.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек: Теміртауда дағдарыс орталығы ашылды

— Бүгінгі таңда біздің орталыққа бес әйел жүгінді. Бізде психолог, жұмыспен қамту маманы, дәрігер бар. Мекеме толығымен мемлекеттік қаражат есебінен жұмыс істейді. Тұрмыстық зорлық —зомбылық құрбандарына көмек көрсетіп қана қоймай, оларды жұмысқа орналастыру, өмірге бейімдеу және психологиялық қолдау шаралары қарастырылған, — дейді орталық директоры Әсел Нәбиева.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек: Теміртауда дағдарыс орталығы ашылды

Дағдарыс орталығының ашылуы 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтетін жыл сайынғы «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясына орайластырылған.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек: Теміртауда дағдарыс орталығы ашылды

Дағдарыс орталығының мекенжайы: Теміртау қаласы, Панфилов көшесі, 13. Тел.: +7-778-100-27-34.

Источник: dknews.kz