үй Қазақстан жаңалықтары Павлодар облысының полицейлері контрафактілік алкогольді тәркіледі

Павлодар облысының полицейлері контрафактілік алкогольді тәркіледі

17
0


                Павлодар облысының полицейлері контрафактілік алкогольді тәркіледі

Фото: Polisia.kz

Павлодар облысының жедел қызметкерлері контрафактілік алкогольді тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Павлодар облысының аумағындағы елді-мекендерден заңсыз алкогольді өнімдер табылып, тәркіленді.

– 2023 жылдың 15 ақпанында сағат 09:25-те Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Mitsubishi Rajego автокөлігін ұстады. Автокөлікті тексеру кезінде салонда әрқайсысының көлемі 5 литр болатын құрамында спирті бар 15 бөтелке табылды, – деді Павлодар облысы ПД ҰҚКБ бастығы Мақсат Сапарғалиев. Сондай-ақ, Павлодарское ауылындағы қойманы тексеру кезінде құрамында спирті бар 185 бөтелке және құрамында спирті бар сұйықтық құйылған көлемі 100 литрлік 4 бөшке табылып, тәркіленді.

– Павлодар қаласының 62 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 282 (Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу) және 283-баптары бойынша әкімшілік іс өндірісі қозғалды. Алынған өнім бойынша сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады, – деп нақтылады Мақсат Сапарғалиев.

Источник: nege.kz